30 июня 2023 г. 13:43
Telegram интерфейсіне қазақ тілі енгізілді
Қазақ тілі Telegram тілдерінің тізіміне ресми түрде енгізілді.
Алматы, NEGE. Бүгін Telegram әлеуметтік желісінің тілдік параметрлеріне мемлекеттік тіл ресми түрде енгізілді. Қазақ тілін iOS және Android жүйелерінде, сондай-ақ қосымшаның веб-нұсқасында қолдануға болады.
Тілді өзгерту үшін параметрлерге өтіп, "тілді" таңдап, Kazakh тілі батырмасын басу керек.