Тексерулерге мораторий енгізілді

Мемлекет Басшысы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына толықтыру енгізу туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайдыАқорданың ресми сайты.

 

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 65-66, 474-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері».

2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген қаулыда.