Тексеру комиссиясы Алматы бюджетін жылына 50 млрд теңгеге қосымша толықтыру тәсілін атады
Тексеру комиссиясы Алматы бюджетін жылына 50 млрд теңгеге қосымша толықтыру тәсілін атады. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов қалалық мәслихаттың VI сессиясында хабарлады.
Алматы, NEGE. Айтуынша, соңғы 5 жылда Алматы қаласының бюджеті едәуір өскеніне қарамастан, оны толықтыруда барлық резерв тартылған жоқ.
Бюджетті қосымша толықтыру әдістерінің ішінде қаланың сауда базарларын көлеңкелі сектордан шығару, жер салығының мөлшерлемесін қайта қарау, заңсыз жарнама орналастырудың жолын кесу, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды көбейту аталды.
«Аталған бұл шараларға жүргізілген талдауға сәйкес, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің қосымша резервтерін жыл сайын 50 млрд теңгеге дейін қарастыруға мүмкіндік береді», - деді Алтай Бердіқұлов.
Сонымен қатар, Алматы әкімдігі сыртқы жарнама объектілерін орнату Ережесін әзірледі. Бұл туралы қалалық жоспарлау басқармасы басшысының м.а. Еркебұлан Сембаев мәлімдеді.
«Ереже жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жарнамалық конструкцияларға қойылатын талаптарды белгілеуге, қала орталығын тазалауға, қала бойынша жарнамалық конструкцияларды біркелкі бөлуге, сондай-ақ стихиялық жарнама мен ірі форматты конструкциялардың үлесін азайту арқылы қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнаманың суреттерін орналастыру ережелері әзірленді және бекітілді, олар сыртқы (көрнекі) жарнаманың суреттерін орналастыру тәртібін анықтайды», - деді ол.
Бұл Ережелерде құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салатын норма қарастырылған. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 6 ай бойы осы норманы келісуден бас тартып, төмен тұрған нормативтік-құқықтық актінің заңнамалық актіге («Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының заңына) қайшы келмейті дегенді алға тартуда.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салу бойынша одан әрі шаралар қабылдауда.