Текеліде батпақ көшкіні жүріп, 5 жасар бала жоғалып кетті
Текелі қаласында батпақ көшкіні жүріп, бес жастағы бала жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. «Оқиға бүгін болған. Сағат 12:00 шамасында төтенше жағдайлар қызметіне батпақ көшкіні жүргендігі жөнінде хабарлама түсті. Салдарынан Қонаев көшесінің бойындағы бір үй бүлінген, төрт үйдің ауласын батпақ басқан. Қазір бес жастағы қыз бала жоғалып кетті, іздестіру жұмыстары жүріп жатыр»,- деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.
Ведомствоның өкілі, әзірге батпақ жүруіне жауыннан өзге құбырдың да жарылуы себеп болуы мүмкін екенін айтты. Әзірге бұл болжам ғана.