Текеліде 10 жасар бала асылып қалған

Алматы облысындағы Текелі қаласында 10 жасар бала асылып тұрған жерінен табылды.

Алматы, NEGE. Қаралы хабарды Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаевтың өзі әлеуметтік желіде оқырмандарына жеткізді.

«Бұл постты жазуға түрткі болған – түнгі оқиға. Он жасар Владты түні бойы іздедік. Маған Влад жоғалып кетті деген хабарды түнгі 1.30 да еріктілер телефон соғып жеткізді. Бармаған, іздемеген жеріміз қалмады. Сөйтсек Влад үйінің артындағы қалың ағаштың ішінде дарға асылып қалған екен. Өте өкінішті, бұл өлімге не түрткі болғаны тергеу амалдары аяқталған соң белгілі болар. Владтың әкесі жайлы нақты мәлімет жоқ, өгей әкесі кәріс ұлтынан екен. Бала тәрбиелейтін әке қайда, жалпы еркектер қайда кеткен? Маған қызметіме байланысты жалғызбасты, көпбалалы аналар жиі келеді. Сонда мен «бұлардың әкелері қайда?» деп сұраймын. Көбінің жауабы жоқ, ал жиі еститінім – әкесі маскүнем, арақ ішіп кеткен», – деп жазды Текелінің әкімі Б.Өнербаев.

Шаһар басшысы Текеліге әкім болып тағайындалғанда тұрғындарды салауатты өмірге шақырғанын да еске салды.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі