Техникалық нокаутпен жеңілген Конор МакГрегор мәлімдеме жасады

UFC 264 турнирінің басты кардында техникалық нокаутпен ұтылған Конор МакГрегор мәлімдеме жасады.

Алматы, NEGE. «Қажет болса Порьемен көшеде төбелесуге дайынмын. Аяғымды сен сындырған жоқсың. Бұл әлі соңы емес»,  – дейді ирландиялық спортшы. 

Еске салайық, Конор мен Порье осылайша октагонда үшінші рет айқасып отыр. 2014 жылы МакГрегор нокаутпен жеңсе, биылғы жылдың басында Дастин Порье нокаутпен есесін қайтарған. Бұл жолғы жекпе-жектің бірінші раундында сәтсіз қадам жасаған МакГрегор аяғын қайырып алды. Спортшының жай-күйін тексерген дәрігерлер жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған. Нәтижесінде америкалық ММА шебері техникалық нокаутпен жеңісті тойлады. 

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес