Техастағы тасқын судан қаза тапқандар саны 82 адамға жетті

Техас билігінің ақпаратынша, су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 82 адамға дейін өсті.

Getty Images

Алматы, NEGE. CNN телеарнасының сюжетінде атап өтілгендей, Керр округінде қаза болғандардың қатарында кем дегенде 28 бала бар. Жалпы қайтыс болғандар саны әлі де өсуі мүмкін, өйткені штат бойынша төтенше жағдай қызметтері іздестіру-құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Техастағы су тасқыны салдарынан 50 адам қаза тапқан. Олардың басым бөлігі Керр округінде анықталған. Сондай-ақ, Трэвис округінде – 6, Бернетте – 3, Кендалл мен Уильямсонда – 2 адамнан, ал Том-Грин округінде – 1 адам қаза тапқан.

Camp Mystic лагерінен он қыз бала және бір тәлімгер әлі де із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Техас штатының губернаторы Грег Эбботттың айтуынша, күтпеген су тасқындары кейбір аймақтар үшін әлі де қауіп төндіруде. Жаңа жауын-шашын болжануда. Билік Керр округіндегі Хант қауымдастығының тұрғындарын 7 шілдеде биік жерлерге көшуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?