Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 68-ге жетті

Техастағы жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 68 адамға дейін өсті. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Getty Images

АЛМАТЫ, NEGE. Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза тапқандардың 59-ы — Керр округінде, ал қалған 9 адам — көршілес аймақтарда тіркелген.

Сондай-ақ, христиандық жазғы лагерьден із-түзсіз жоғалған 27 қыз баланың саны 11-ге дейін азайды. Қалғандары табылып, туыстарына жеткізілген.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Техас штатында төтенше жағдай режимін енгізді.

Еске салайық, Техас штатында нөсер жауын салдарынан өзендер арнасынан асып, үлкен су тасқыны болды. Құтқарушылар жағалаулар мен қираған аумақтарды мұқият тексеріп, жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бұған дейін 51 адамның қаза тапқаны, оның ішінде 15 баланың бары туралы хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады