Техас прокуратурасы Facebook-ті сотқа берді

Техас штаты Facebook желісіне иелік ететін Meta компаниясын сотқа берді, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы. NEGE. Прокуратураның хабарлауынша, компания биометриялық деректердің құпиялылығы туралы заңды бұзған. Яғни әлеуметтік желіге қолданушылардың суреттері мен видеоларын жинады және жеке ақпаратты үшінші тұлғаларға берді деген айып тағылды.

Бірақ Мета өкілдері мұны жоққа шығарып отыр. Естеріңізде болса, 2020 жылы «Фейсбукке» дәл осындай шағым түскен еді. Сол кезде интернет-алып Иллинойстағы сот процесін реттеу үшін 650 миллион доллар төледі. Ал қазіргі іс бойынша әр заң бұзушылық үшін 25 мың доллардан айыппұл төлеуі мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр