Тегін домбыра мектебі ашылды

Алматыда кәсіпкерлер өз қаражатына балаларға арналған тегін домбыра мектебін ашты.

Алматы, NEGE. «Алматылықтарға тән қасиеттің бірі — әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейде болуы. Жетісу ауданында кәсіпкерлер өз қаражатына балаларға арналған тегін домбыра мектебін ашты. Қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтіруге Сәкен Мейірбеков көмек көрсетсе, бөлмелерді жабдықтау шығынын Айнұр Жұмаш өз мойнына алды. Сабақ санитарлық қауіпсіздік талаптар жағдайында өткізіледі», – деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

Ұстаздар қалалық Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа қабылданған Құрманғазы атындағы консерваторияның түлектері.

Қазір оқып жатыр

Қай өңірдің тұрғындары көбіне зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді?

«Жемқорлыққа жол ашады»: Ит-мысықтарды өлтіруді көздейтін заң несімен қауіпті?

Алматыда жасөспірімдер жүріп бара жатқан жүк пойызына мінгесіп алған

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады