Тегін дәрі-дәрмек қашан қолжетімді болады?

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова МӘМС жүйесінің енгізілуімен қолжетімді болатынын дәрі-дәрмекті қашан алуға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. «2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бізде МӘМС жүйесі енгізіліп, азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің, амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмектің тізімі кеңейтілді. Министрдің бұйрығымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС аясында тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын аурулардың тізімі жасалды. Аталған тізім едәуір кеңейтілген: егер бұрын біздің пациенттерге дәрі-дәрмектің 450 түрі қолжетімді болса, қазір бұл тізім 715-ке көбейді», – деді Людмила Бюрабекова.

Оның айтуынша, министрдің шығарған бұйрық үш бөлікке бөлінеді. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын аурулар тізімінің кеңейтілгенін атап өттік. Бұған дейінгі бұйрықта да дәрі-дәрмек берілетін аурулардың тізімі жасалған еді. Алайда бұл жолы ол ауруларды емдеуге жаңа препараттар қосылды. Мәселен, онкологиялық ауруларға шалдыққан немесе гемофилиямен ауырғандарға жаңа дәрі-дәрмек беріледі. Халықаралық клиникалық хаттамаларға сәйкес, бұл өзгерістер үздік көрсеткіштерге қол жеткізуге жол ашады», –  деді комитет басшысы.

Людмила Бюрабекова Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енгенін мәлім етті. «Дәрі-дәрмектің жаңа түрлерінің көбі бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енеді. Олардың бәрін бүгінгі күні дистрибьюторда. Препараттар пациенттерге қолжетімді, оларды дәріханалардан алуға болады», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді