Teez тағы бір кәсіпкерді таныстырды

Ерлан Исекешев – Teez компаниясының тең негізін қалаушылардың бірі. 

Фото: Teez

Оның мамандығы инженер, технологиялық сектор мен қаржы саласын қоса алғанда, ірі жобаларды басқару жөнінен 20 жылдан астам тәжірибесі мол. Олар қаржыландырған стартаптар портфелінде 11 жоба бар.

Фото: Teez

2020 жылы Ерлан Clever маркетплейсін инвестициялауға және құруға қатысты. 2022 жылы ол қазақстандық финтех-стартап TypiPay-ді қаржыландырды. 

Ерлан қазақстандық стартап-экожүйелердің дамуына қатысуға, жас кәсіпкерлерді қолдауға көп көңіл бөледі. Сондай-ақ ол қайырымдылықпен де айналысады. Оның әлеуметтік жобалары – I.T.F. версиясы бойынша таэквон-до федерациясын қолдау, «Мактуб» қайырымдылық қоры, iQanat ауылдық жерлердегі дарынды балаларды қолдау бағдарламасына қатысу.

Teez – 2024 жылдың тамызында іске қосылатын қазақстандық жаңа маркетплейс. Оның клиенттер үшін басты артықшылығы – барлық тапсырыстарды бір күнде жеткізу. Teez – әлеуметтік желі мен электронды коммерцияның үздік элементтерін біріктірген теңдессіз платформа. Бұл тұтынушыларға сатып алған тауарының рахатын көруге және бір кеңістікте байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Фото: Teez

Жобаның негізін қалаушылар – Ерлан Исекешев пен Долорес Пшембаева, бұған дейін Clever азық-түлік жеткізіп беру қызметі бойынша бірге жұмыс істеген, KazanExpress (Магнит Маркет) ех-негіз қалаушысы және Uzum Market ех-басқарушы серіктесі Линар Хуснуллин, сондай-ақ KazanExpress-тің бұрынғы инвестициялық директоры Никита Еремин.

Компания жас болғанына қарамастан, барлық шыңларды бағындыруға дайын. Ал мықты негізін қалаушылардың арқасында бұл мақсат жақын арада жүзеге асады.