Театрлар мен кинотеатрлар жабылмайды

Нұр-Сұлтанда театрлар мен кинотеатрлар жабылмайды. Бұл жөнінде қалалық бас санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова Хабар-24 арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, қазір эпидемиялогиялық ахуал күрделі. Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл аймақта». Егер коронавирус жұқтырғандар саны күрт артатын болса, елордалық ауруханалар қосымша 3 мыңнан 5 мыңға дейін төсек орынмен қамтамасыз етуге дайын. Жыл басынан бері қалада 3 451 вирус жұқтыру дегері тіркелген. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Соған қарамастан, Алматыдағыдай қатаң шаралар қолданылмайды деді сарапшы.

"Алматы «қызыл аймаққа» енді еніп жатыр. Ал біз 16 қаңтарда кірдік. Ол кезде театрлар мен кинотеатрлардың жабылуына қатысты мәселе қарастырылған жоқ. Өйткені, аурудың таралуы оған байланысты емес. Сауалнама нәтижесі осындай. Бірақ қоғамдық тамақтану орындары мен қоғамдық көлікке қатысты шектеулер енгіздік. Халыққа қызмет көрету орталықтарының жұмысы уақыты қысқартылды. Осындай шаралар арқылы негізгі қауіптің алдын алып үлгердік деп ойлаймын", - деді Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр