Тбилисиде дзюдодан Grand Slam турнирі аяқталды

Грузиядағы Grand Slam бәсекесінің соңғы күнінде қос қазақстандық спортшы қола медальға күресті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Grand Slam

Алматы, NEGE. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ислам Бозбаев үшінші орын үшін белдесуде австриялық спортшыға ұтылды. Аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев кілем қожайынына есе жіберді.

Қазақстан командасы Тбилисидегі жарысты бір алтын, бір қола медальмен аяқтады. 60 келіде Нұрқанат Серікбаев чемпион атанып, 48 келіде Ғалия Тынбаева үшінші орынға табан тіреді.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады