28 сентября 2024 г. 17:28

Тәжікстанда Қазақстан батырына ескерткіш қойылды

Фото: Gov.kz

Тәжікстанның Дарваз ауданында Қазақстан қаһарманы Раджан Батырхановқа ескерткіш тақта ашылып, рухына тағзым етілді, деп хабарлайды 24kz.

Алматы, NEGE. Ол осыдан тура отыз жыл бұрын Тәжік даласында жауынгерлік тапсырма орындау барысында ерлікпен қаза тапқан еді.

Хаким содырларына қарсы соғысып, ерлікпен көз жұмған жерлесімізді еске алу шарасына Қазақстан шекара қызметінің ардагерлері арнайы қатысты. Сондай-ақ делегация мүшелері Душанбе қаласында болып, тәжік-ауған қақтығысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.