Тәжікстанның көлік министрі өз-өзіне қол жұмсамақ болған

Тәжікстанның көлік министрі Худоёр Худоёрзода өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Қазір ол ауруханада жатыр.

Алматы, NEGE. Бас прокуратураның хабарлауынша, 11 тамызда таңертең министр отбасында жанжал болған. Министрдіңтуыстары оқиғаның мән-жайын айтпады. «62 жастағы Худоёр Худоёрзода шаруашылық пышағымен өз-өзіне қол жұмсамақ болған» делінген Бас прокуратураның хабарламасында. Дереккөз мәліметіне қарағанда, министрдің туыстары оған дер кезінде медициналық көмек көрсеткен.

«Қазір Худоёрзода «Истиклол» ауруханасында жатыр. Ота жасалды. Дәрігерлер науқастың жағдайы жаман емес дейді» делінген Бас прокуратура мәлімдемесінде. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды