Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінді
ҚР ТЖМ 'СТӘЭ' ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 ақпанда сағат 06.37-де (Алматы уақыты бойынша) Тәжікстан аумағында магнитудасы 7 балл болатын жер сілкінісін тіркеді.
Алматы, NEGE. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 636 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында болған.
«Зілзаланың энергетикалық санаты – 11.8. MPV магнитудасы - 5,6. Тереңдігі - 20 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген кезекші оператордың хабарламасында.