Тәжікстанда 4,4 магнитудасымен жер сілкінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі сағат 9:50-де жер сілкінісін тіркеді.
Алматы, NEGE. Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 727 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.1. MPV магнитудасы - 4.4. Тереңдігі - 10 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ.
Бүгін түнде Тараз, Шымкент және Түркістан тұрғындары 2-3 балл қуатымен жерасты дүмпуін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 740 км қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасты. Сондай-ақ тербеліс Өзбекстанның бірқатар қаласына жетті.
Таңғы сағат 06.27-де Қазақстан сейсмологтары Тәжікстандағы жер сілкінісін тіркеді. Сағат 07.53-те Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жерасты қозғалысы тағы болды. Қазақстандық сейсмологтар сағат 08.53-те де тәжік еліндегі жер дүмпуін тіркеді.
Еске салайық, Қазақстанның 5 өңір тұрғындары жерасты дүмпуін 21 наурыз күні де сезген. Эпицентр нүктесі Ауғанстанда орналасты. Ауған еліндегі тербеліс Пәкістанға да жетті. Салдарынан кем дегенде 11 адам қаза болған еді.
22 наурызда әлеуметтік желіде Қазақстанда жер сілкінісі қайталанатындығы туралы ақпарат тарады. Алайда, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді.