Тәжікстан Уханьнан 46 студентін алып келді

Тәжік билігі 11 ақпанда Қытайдың Ухань қаласында оқып жатқан 46 студентін еліне алып келді.

Алматы, NEGE. Эвакуацияланған студенттер, оларды алып келген экипаж мүшелері және төтенше жағдай министрлігі қызметкерлері Варзоб ауданындағы «Харангон» демалыс орнына жайғастырылады. Елдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мирхамуддин Камолзоданың айтуынша, Уханьнан келген студенттердің арасында коронавирусқа күдіктілер жоқ, бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабына сәйкес олар екі апта карантинде болады.

Тәжікстанға Қытайдан бір айдың ішінде 900 адам келген. Ел үкіметі 27 шекара өткізу бекетінде дәрігерлік бақылауды күшейткен.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін