Тәжікстан президенті Тоқаевты құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Алматы, NEGE.Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары келесі жылдың басында екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен Тәжікстан халықтарының игілігі жолында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр