18 сентября 2022 г. 20:10

Тәжікстан Қырғызстанмен қақтығыста қанша адам қайтыс болғанын жариялады

Фото:

Бұған дейін Тәжікстан жағында зардап шеккендер туралы нақты ақпарат болмаған.

Алматы, NEGE. Қырғызстанның брондалған техникасы мен ұшқышсыз аппараттары жасаған шабуыл кезінде Зумруд и Овчикалъача джамоаттарында 25 адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, 20 адам жарақат алды, деп хабарлады Sputnik Тәжікстан.

Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, 16 қыркүйекте Қырғызстанның әскерилері жедел жәрдем көлігіне оқ жаудырды. Бұдан бөлек, сол күні Овчикалъачеде орналасқан №8 мектепке соққы жасады.

17 қыркүйекте Лахшск ауданында 4 адамның жарақат алғаны белгілі болған. Жексенбі күні аурухананың бас дәрігері мен оның әріптесіне оқ тиген. Екеуі де қайтыс болды.

Ал Қырғызстан Тәжікстанмен арадағы шекарада болған қақтығыста 36 Қырғызстан азаматының қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, 129 қырғызстандық зардап шекті.

Тегтер: