Тәжікстан азаматы шекарадан заңсыз тауар алып өтпек болды

«Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауар алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды, деп хабарлады Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. 4 сәуірде Ресейден Тәжікстанға бағытталған автокөлікте «Қапланбек» кеден бекетінде Түркістан облысы МКД-нің қызметкерлері ҚР ҰҚҚ қызметкерлерімен бірлесе жүргізген бақылау, тексеру жұмыстары кезінде декларацияланбаған оргтехника тауарлары барын анықтаған.

Тәжікстан азаматы Р.Т. жүк автокөлігімен тауарларды заңсыз алып өтпек болған.

Нәтижесінде жалпы құны 5 млн теңгеге жуық компьютердің жинақтаушы бөліктері тәркіленді. Аталған факт бойынша ұсталғандар жауапқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді