Тәжік-ауған соғысының ардагерлері Тоқаевты қолдайтынын айтты
Бүгін Алматы қаласында Тәжік-ауған шекара қақтығыстарының, Таулы Қарабақ және Ирак ардагерлері жиналып, өздерінің ешбір партия қатарына қосылмайтынын жеткізді. Сонымен қатар тіркелмеген "Ел тірегі" партиясына ешқандай қатыстары жоқ екенін айтты.
Алматы, NEGE. Ардагерлер Тоқаевқа тікелей үндеу жасап, президентті қолдайтындарын жеткізді.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза! Тәжік-ауған шекара қақтығыстарының ардагерлері Сізді әрдайым қолдайды және Сіздің жүргізіп жатқан саясатыңызды дұрыс деп есептейді. Сіздің жасаған жақсылығыңызды ешқашан ұмытпаймыз! Жақсылығыңызды үлкен құрметпен қабылдаймыз. 2020 жылдың 6 мамырында "Ардагерлер Заңына" қол қойғаныңызға рахмет. Осы Заңның арқасында көп көмек болды. Біз мұны 20 жыл күттік", - деді ардагерлер.
Ардагерлер қиын кезде президентке тірек боламыз деп ант берді.