«Тәжік Эйр» лайнерінің тағдыры шешіліп жатыр
Бірнеше жылдан бері дағдарыстан шыға алмай жүрген «Тәжік Эйр» компаниясы Мәскеуде Boeing ұшақтарының бірін сот арқылы қайтарып алғысы келеді. Бұл лайнер литвалық «Скайроуд Лизинг» компаниясынан лизингке алынған.
Алматы, NEGE. «Скайроуд Лизинг» басшылығы болса «Тәжік Эйр» әуе компаниясы лизинг үшін 20 миллион доллар қарыз екенін алға тартып, Мәскеу төрелік сотынан лайнерді бұғаттауын талап еткен. «Тәжік Эйр» өкілдері «Boeing 737 300» ұшағы Мәскеуге техникалық сараптама жіберілген, содан бері сегіз ай бұғатта тұр дейді. Тараптар дауы әуелі Вильнюс төрелік сотында қаралған, енді Мәскеу төрелік сотында жалғасып жатыр.
«Тәжік Эйр» әуе компаниясы директорының орынбасары Әзізмахмад Курбонов тәжік тарапы келіссөздер арқылы дауды шешіп, лайнерді қайтару үшін талап етілген ақшаның жарымын төлеуге дайын екенін мәлімдеген. Бірнеше жылдан бері дағдарыстан шыға алмай келе жатқан «Тәжік Эйр» қызметкерлерінің жарымын жұмыстан шығарып, қалғандарының айлығын қысқартуға мәжбүр болған.