Енді қоғамдық орындарды ластағандарға айыппұл салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, табиғатты қорғау мақсатында республика көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр.

Фото: Nege.kz

Атырау, NEGE. Қоғамдық орынды ластау дерегі тіркелген жағдайда ҚР ӘҚБтК 434-2 бабы бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 18 460 теңге  айыппұл салынады. Елімізде, тазалық ережелері «абаттандыру қағидаты» сақталмаған жағдайда ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінен 100 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл қарастырылған.

Акция басталғалы Атырау облысы аумағында ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 3 мыңнан астам, абаттандыру қағидасын бұзудың 700-ге жуық жағдайы тіркеліп, құқық қорғау қызметкерлері тарапынан шара қолданылды.

 

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?