Таяу Шығыстан 11 рейспен 1 786 қазақстандық елге жеткізілді

Таяу Шығыстан Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындады.

istockphoto.com

Астана, NEGE. Наурыз айының 7-нен 8-не қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындап, елге 1 786 адам жеткізілді.

Көлік министрлігінің мәліметінше, аталған әуе компаниялары азаматтарды елге қайтару үшін бүгін тағы рейстер орындауды жоспарлап отыр.

Жалпы 3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 рейс жүзеге асырылып, 6 254 азамат эвакуацияланды.

Ведомствоның ақпарынша, қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының бірлескен жұмыстары арқылы жалғаса бермек.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды