Таяу Шығыстағы шиеленіс: Израиль Иранның соққысына жауап қайтаруға ниетті

Израиль жақын күндері Иранның зымырандық шабуылына «маңызды жауап» ретінде соққы жасайды, деп жазады Axios израильдік шенеуніктерге сілтеме жасап.

Abdel Kareem Hana / AP

Алматы, NEGE. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранның зымырандық шабуылын «үлкен қателік» деп атады. Сонымен қатар ол Иранның соққысына жауап болатынын жеткізді. Ирандағы мұнай өндіру және басқа да стратегиялық маңызды ғимараттар нысанға алынуы мүмкін. 

Axios агенттігінің хабарлауынша, Израильдің қауіпсіздік кабинеті өткізген отырыста Иранға қатысты әскери реакцияны талқылаған, бірақ соңғы шешімді қабылдамады, өйткені Израиль билігі «стратегиялық салдарларға» байланысты АҚШ президентінің әкімшілігімен кеңесуді жөн көрген. 

Сонымен қатар, Нетаньяху әлемді Иранға қарсы бірігуге шақырды. 

Естеріңізге сала кетейік, Иран Израильді зымыранмен бомбалаған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?