Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты СІМ ресми мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты ресми мәлімдеме жасады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Министрлік хабарламасында еліміздің Каспий маңы мемлекеттерінің тобына кіретіні және Иранмен әртүрлі салада серіктестікті дамытып отырғаны атап өтілген.

Қазақстан жағы барлық келіспеушіліктер, соның ішінде ядролық мәселелер тек БҰҰ Жарғысы негізінде, келіссөздер арқылы шешілуі қажет деп санайды. Сонымен қатар тараптарды тез арада ортақ келісім әзірлеуге шақырады.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты