11 марта 2026 г. 14:16
Таяу Шығыс аймағынан 9517 қазақстандық елге қайтарылды
Сыртқы істер министрлігі Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оман елдерінен эвакуациялық іс-шаралар аяқталып келе жатқанын хабарлады.
Астана, NEGE. Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінен, Қатар мен Сауд Арабиясы Корольдігінен эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Аймақтағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста және қажетті қолдау көрсетуде», – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Таяу Шығыстан Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындағаны туралы жазған едік.