Тәулік ішінде 12 мың адам вирус жұқтырды

Ресейде бір тәулікте 12126 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның ресми жаңалықтары телеграм каналы хабарлайды.

Алматы, NEGE. Ресейде 9 қазанда 12126 адамнан коронавирус анықталған. Бұл елде эпидемия басталғаннан кезеңдегі ең жоғарғы көрсеткіш.

Елде COVID-19 жұқтырған пациенттерге арналған бос төсек-орындар саны күн санап қысқарып жатыр.

Ресейдің Денсаулық министрлігі тұрғындарды демалыс күндері үйде болып, сақтық шараларын сақтауға шақыруда.