Армения мен Әзірбайжан бітімге келді

Ресей Президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісім жасалғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Алматы, NEGE. Аталған мәлімдемеге Әзербайжан Республикасының Президенті Әлиев, Армения Республикасының Премьер-Министрі Пашинян және Ресей Федерациясының Президенті қол қойған. Онда 2020 жылғы 10 қарашада Мәскеу уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан бастап Таулы Қарабақ аймағындағы атысты және барлық әскери әрекеттерді толық тоқтату туралы келісім жарияланған. Ресей Федерациясының бітімгершілік контингенті Таулы Қарабахтағы байланыс сызығы бойында және Таулы Қарабақты Армения Республикасымен байланыстыратын дәліз бойында орналасады.

Ішкі қоныс аударушылар мен босқындар БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының бақылауымен Таулы Қарабақ аумағына және оған іргелес аудандарға қайтарылады. Екі ел әскери тұтқындар мен басқа да ұсталғандармен және қаза тапқандардың мәйіттерін бір-біріне беретін болады.

Келісімге сәйкес, Әзірбайжан мен Армения өздері бекінген елдімекендерге ие боп қалмақ. Сонымен бірге қос ел әскери тұтқындарды алмасуға міндеттелді. 


Бітімгерлік келісіміне сәйкес Армения Әзірбайжанға 2020 жылдың 15 қарашасына дейін Кельбаджар ауданын, 20 қарашаға дейін Агдам ауданы мен армян тарабы басып алған Әзірбайжан Республикасының Қазақ ауданындағы аумақтарын, желтоқсанның 1-не дейін Лашын ауданын қайтарып беруге міндетті. Дегенмен Армения мен Таулы Қарабақты жалғайтын Лашын дәлізі аомяндарға қалатын болды. Бірнеше күн бұрын ғана Әзірбайжан әскері азат еткен Шуша қаласы әзірбайжандарда қалатын болды. 
Таулы Қарабақтағы екі елдің шекарасы мен Лашын дәлізі бойына Ресейдің бітімгерлік күштері орналасатын болды. Ресей күштері бұл өңірде 5 жыл тұрмақ. Егер қос тарап та мақұлдаса, бұл мерзім біткен соң бітімгерлік күштері автоматты түрде тағы 5 жылға қалады. 
Босқындардың Таулы Қарабаққа оралуына қарсылық көрсеілмейді. Олардың жағдайын БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары бақылауға алады.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған