Таулы Карабахта уақытша гуманитарлық бітім орнады
Ол бүгіннен бастап күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрліктерінің хабарлауынша, шешім Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобына кіретін елдердің қазанның 1-і күнгі мәлімдемесіне сүйеніп қабылданған. Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Әзербайжан және армениялық әріптестерімен телефон арқылы сөйлескен еді. Тараптар қазанның 10-ы күні Мәскеуде қол жеткізілген Карабахтағы атысты тоқтату туралы келісімнің маңыздылығын атап өткен.