Тауық жұмыртқасы қашан арзандайды?
Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ӘМАТ өндірушілерімен кездесулер сессиясын жалғастыруда.
Алматы, NEGE. 24 маусымда онлайн форматта жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы, Қазақстанның Құс өсірушілер одағы және еліміздің ірі құс фабрикалары өкілдерімен кездесу өтті. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы монополияға қарсы комплаенсті дайындау бойынша ауқымды жұмыс жүргізгенін және Қауымдастық президенті Максим Божконың айтуынша оған жақын арада қауымдастықтың барлық қатысушылары қол қоятын болады.
Тауық жұмыртқаларын өндіру нарығы өте бәсекелі, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған көптеген отандық құс фабрикаларынан басқа ресейлік өндірушілердің өнімдері ұсынылған. Максим Божконың сөзіне сенсек, мамырдан бастап және жаз бойы сұраныс төмендеген кезде жұмыртқалар өзіндік құнынан төмен сатылады. Құс фабрикалары өндірісті тоқтата алмайды, бұл жыл бойы шамамен 2 жыл өмір сүретін тауықтарды ұстауға тікелей байланысты.
«Қазір жұмыртқаның өзіндік құны 30 теңгені құрайды, ал екі апта бұрын фабрикадан сату бағасы 17-ге дейін жетті», – дейді ол.