«Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтары қойылды

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлайды.

Almaty akimdigi

Алматы, NEGE. Салтанатты рәсім қала әкімі Ерболат Досаевтың, мәслихат депутаттарының, Қоғамдық кеңес, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Almaty akimdigi

Іс-шараға қатысушылар метрономның үнімен Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірлерін қиып,қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Рәсім Алматы өңірлік гарнизоны әскери-үрлемелі оркестрінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындауымен аяқталды.

Қазір оқып жатыр

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

МӘМС қаржысын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған