Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Абай ауданында төрт көше пайдалануға берілді

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Абай ауданы аумағындағы шағынаудандарда жаңа көшелер ел игілігіне пайдалануға берілді. Атап айтқанда Қызылжар шағын ауданындағы Дәстүр, Ақтансай, Яссауи және  №10 көше тұрғындары қуанышқа кенелді.

Шымкент, NEGE. Мерекелік іс-шараға Абай ауданы әкімінің орынбасары Занкоев Есімжан қатысып,  тұрғындарды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. 

Ағымдағы жылы көшемізге асфальт төселіп, тұрғындардың көтерген мәселелері шешілгеніне қуаныштымыз, деді көше тұрғындары. 

Айта кетейік, Абай ауданында жыл соңына дейін тағы осындай 7 көше пайдалануға берілетін болады.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды