Таудан табылған ер адам қайтыс болды

Алматыда таудан табылған ер адам көз жұмды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Еске сала кетейік, бұған дейін Іле Алатауында 35 жастағы азаматтың жоғалып кеткенін хабарлаған едік. Құтқарушылар оны 2 тәуліктен соң Құм-белсу өзенінің шатқалынан тапты. Ол уақытта жағдайы ауыр болған. Кейін апатты медицина орталығының дәрігерлері ер кісінің көз жұмғанын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды

Головкиннің қолғаптарын 10 млн теңгеге сатып алған бизнесвуменге қатысты іс қозғалды

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты