Іле-Алатау ұлттық паркінің сервисі дами бастады

"Іле-Алатау" ұлттық паркінде экотуризммен қатар, жаппай туризмнің сервисі дамып келеді. "Аюсай" шатқалында жаңадан ашылған визит орталықта тұрмыстық нысандар ашылып, келушілер қазіргі заманға сай қызметтерге қол жеткізе бастады

Визит орталықтың жұмысын ұйымдастырып жатқан "Turanga Group" компаниясы, "Аюсай" шатқалына келушілер үшін демалыстың барынша жайлы өтуіне мүдделі. Сол себептен, шәй ішу орны, заманауи дәретхана сынды тұрмысқа қажет нысандар ашылып, келушілерге ыңғайлы болды.

Визит орталық келушілердің барлық қажетті ақпарат алатын орны. Туристер осы орталықтан "Іле-Алатау" ұлттық паркінде не бар екенін, қайда бару керегін біле алады. 

Ғалымдардың айтуынша, бұл өркениетті экотуризмнің нышаны. Келушілерге табиғат аясында өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру ісінде визит орталықтар, ондағы ақпараттар, гидтер мен карталар үлкен рөл ойнайды. "Аюсай" шатқалындағы визит орталық осындай нысандардың алғашқысы болып табылады. Экотуризмді дамыту жоспарында елдегі ұлттық парктерде осындай орталықтар ашу көзделген.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады