Татарстанға шабуылдаған дрондардың Қазақстаннан ұшырылғаны рас па?

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі кейбір Telegram арналарда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын дрондардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы жарияланған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз», – делінген Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметте.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті