Татарстанда 7-сынып оқушысы еден жуушыны пышақтап кеткен

Бұл оқиға бүгін, 21 қаңтарда Татарстанның Нижнекамск қаласындағы мектептердің бірінде болған.

Mash

Астана, NEGE. Қаладағы №37 лицейге кіреберісте 13 жастағы жасөспірім оқу орнының қызметкеріне шабуыл жасады, деп жазады Telegram-дағы Mash арнасы.

Қала мэрі Радмир Беляев оқиғаны растап, зардап шеккен адамның өміріне қазір қауіп төніп тұрмағанын, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Желідегі ақпарат бойынша, шабуыл жасамас бұрын 7-сынып оқушысы бетперде тағып, қолына пышақ ұстап фотоға түскен және оларды сыныптастар чатына жіберген.

Ол үш петарданы жарып, тазалықшы әйелге пышақпен шабуыл жасағаннан кейін жасырынбақ болған. Алайда көп ұзамай оны күштік құрылым қызметкерлері ұстаған. Одан пышақ, бетперде, петардалар және тактикалық қолғаптар тәркіленген.

Татарстанның Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, сағат 08:56-да лицейлердің бірінде оқушы оқу орнының қызметкерлерінің біріне пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен басқа да жедел қызмет өкілдері жетіп, баланы ұстаған.

Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?