Тасмағамбетовтің ҰҚШҰ-дағы өкілеттігі аяқталуға жақын

Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін үш жылға тағайындалған. Енді оның өкілеттік мерзімі аяқталуға жақын.

odkb-csto.org

Астана, NEGE. 27 қарашада Бішкекте Қырғызстанның төрағалығымен ҰҚШҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері, қорғаныс министрлері және қауіпсіздік кеңесінің хатшыларының бірлескен отырысы өтеді. Сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы ұйымдастырылады.

Ұйымның хабарлауынша, сессияда мүше мемлекеттердің өзекті қауіпсіздік мәселелері бойынша ортақ ұстанымын көрсететін Декларация қабылданады. Сонымен қатар, 2026-2029 жылдарға арналған ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне кандидатура қаралады.

Еске салайық, Украинаның «Миротворец» сайты Тасмағамбетовті өз базасына енгізді. Авторлар оны «Ресейдің агрессиясын жария түрде қолдады, сондай-ақ Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұқты» деп айыптап отыр.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды