Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына балама жоқ екенін айтты
Жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) балама жоқ, деді ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.
Алматы, NEGE. «ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларына ұйымның жұмыс құрылымын басқаруға сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді. Әлем үлкен геосаяси сынақтардың куәсі болып отыр, өте күрделі саяси, экономикалық және басқа да проблемаларды шешуге тура келеді. ҰҚШҰ алдында күрделі міндеттер тұр. Осы сын-қатерлер мен проблемалардың барлығы біздің Ұйымның шешуші рөліне, оның беделі мен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тетігі болу қабілетіне әсер етеді. Оның ары қарайғы беделі мен тиімділігі өзімізге байланысты. Барлық қиындықтарға қарамастан, мен ҰҚШҰ үшін балама жоқ екеніне, оның өзіне жүктелген міндеттерді шешуге қабілетті екеніне сенімдімін», - деді Тасмағамбетов.