23 ноября 2020 г. 17:44

Тасмағамбетов аяқ астынан зейнетке шығуының себебін түсіндірді

Фото:

Белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлы бұрынғы премьер-министр, Ресейдегі Қазақстанның экс-елшісі Иманғали Тасмағамбетовтен сұхбат алған болатын.

Алматы, NEGE. Зейнетке шыққан Тасмағамбетов қазір немен айналысып жүргенін айтты.

"Құпия емес. Ел қатарлы өмір сүріп жатыр­мыз. Мынау айтып келмеген індет басталғалы үйден алыстамауға тырысамын. Оның да бұрын аса мән бермеген қызығы көп екен. Ең бастысы – шығармашылық ойға, бұрын қол тие бермейтін сүйікті ісіңе уақыт жетеді. Жаңа өзіңіз айттыңыз, көп жыл елдің қызме­тін­де жүрдік. Жатсақ- тұрсақ ойымыз жұмыста, бойымыз үйден алыста болдық. Әрине, оған өкініп отырған жоқпын. Өйткені, ер азамат үшін ел-жерінің игілігіне қызмет етуден артық бақыт жоқ. Осы жолда азды-көп халыққа пайдамыз тиіп, ең­бегіміз еленіп жатса, ол да болса осы ақжүрек жұртымыздың арқасы…", - деп жауап берді.

Сондай-ақ Тасмағамбетов аяқ астынан зейнетке шығуын "күтпеген" жерден болмағанын айтады.

"Зейнет демалысы деп отырсыз ғой… Мен үшін бұл «күтпеген сый» болды деп айтпаймын. Жеті рет өлшеп, бір рет кескен келелі шешімім. Өз қалауым. Ашығын айтқанда, бұл өмірде «құлақсыз сан­дық» секілді тиімсіз болуға арланамын. Сол үшін де, қайнаған істің жолына емес, лауазым- қызметтің қолына қарап отыратындардың қатарынан емеспін", - деп қысқа қайырды.

Тегтер: