Тасмағамбетов Ресей агрессиясын жария түрде қолдады деп айыпталды

Украинаның «Миротворец» сайтының авторлары ҰҚШҰ-ның (ОДКБ) бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті өз базасына енгізді.

alash.kz

Астана, NEGE. Сайт деректерінде Тасмағамбетов соғысты насихаттады, оны ақтады және Ресей агрессиясын жария түрде қолдады, сондай-ақ Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұқты деп айыпталған.

«Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын толық қолдайды. ҰҚШҰ-ның бас хатшысы ретінде Ресей армиясына көмек ретінде ҰҚШҰ әскерін жіберуге дайын болды. Украина аумағына жасалған «Орешник» зымыран соққыларын ақтайды», – деп көрсетілген «Миротворец» сайтының мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, Иманғали Тасмағамбетовтің «Выборг» кеме жасау зауытының акционері және КАМАЗ директорлар кеңесінің мүшесі екені атап өтіледі. 

Ал ҰҚШҰ бұл жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.  

Қазір оқып жатыр

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды