Тасқын су Арыс қаласына да жетті
Тасқын су көрші аудандардағы нөсер салдарынан жыралар арқылы ағып келген, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. Арыс қаласындағы Қабылсай табиғи арнасы суға толды. Қазір қала тұрғындары мен 200-ден астам әскери қызметкер құм салынған қаппен жол жиектерін жауып жатыр. Әзірге 1 үйдің ауласына су кірген.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова су басқан аймаққа барып, тұрғындармен кездесті. Әрбір әкімдік қызметкерінің кезекшілікте жүргенін айтып, қауіптің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Тасқын су көрші аудандардағы нөсер салдарынан жыралар арқылы ағып келген.
Айта кетейік, Түркістан облысында жауған нөсер мен қардың еруі салдарынан бірнеше елді мекенді су басып қалды.