Ташкенттегі Grand Slam: Абиба Әбужақынова финалға шықты

Дзюдодан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Абиба Әбужақынова финалға жолдама алды, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 48 келіде күресетін Абиба жартылай финалда швециялық Тара Бабулфатты жеңді. Осылайша, Бакуде кеткен есесін қайтарды.

Енді Абиба финалда Ресей атынан сынға түсетін нейтралды спортшы Сабина Гилиязовамен кездеседі.

Еске сала кетейік, Абиба Әбужақынова биылғы маусымда өзі қатысқан жарыстардың бәрінен жүлде алып келеді.

Португалиядағы Гран-при және Бакудегі Grand Slam турнирінде ол қола жүлдегер атанған еді.

Сондай-ақ, Абиба дзюдодан қазақ қыздары арасындағы әлем чемпионатының қола медалін иеленген тұңғыш спортшы.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?