Ташкентте 22-наурыздан бастап барлық қоғамдық көлік уақытша тоқтады

koronavirusinfouz ресми сайты 22 наурыздан бастап Ташкент қаласында қоғамдық көліктің барлық түрі (автобус, метро, такси) уақытша тоқтайтынын хабарлады.


Алматы, NEGE.  
Жолаушы аяғы көп жүретін жерлерде Ташкентте қоғамдық көліктердің уақытша тоқтағаны туралы ақпарат таратылмақ. Қаладағы аурухана мен емхана қызметкерлерін жұмысқа апарып-алып қайтуды қамтамасыз ету үшін қала билігі арнайы зарарсыздандырылған автобустар бөлмек. 
Қоғамдық көлік орнына зарарсыздандырылған такси жүретін болады. Әрбір таксиге күн сайын зарарсыздандырылғаны туралы арнайы анықтама беріліп отырады. 

Қазір оқып жатыр

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті