Ташкентте салмағы 7 келіден асатын қыз бала дүниеге келді

Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

t.me/ssvuz/17776

Алматы, NEGE. Ташкент облысы Янгийул қаласындағы ауданаралық перинаталдық орталықта салмағы 7 келі 3 грамм қыз бала дүниеге келді.  

Нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Анасы кесар тілігі арқылы босанған, бұл – оның төртінші баласы.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір ана мен бала дәрігерлердің бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан әуе жолдарының Ташкенттен Нью-Йоркке бет алған HY101 рейсінің бортында сәби дүниеге келгені туралы жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады