Ташкентте қазақ суретшісі Орал Таңсықбаевтің көрмесі ашылды

Өзбектің «Гогені» атанған атақты қазақ суретшісі Орал Таңсықбаевтың 120 жылдығына орай Ташкентте автордың үлкен көрмесі ашылды, деп жазды 24.kz.

egemen.kz

Алматы, NEGE. Рухани жиынға алыс жақын шетелдерден сурет өнерінің саңлақтары келді. Ауқымды іс-шараның ашылуына Қазақстан делегациясы да қатысты. Көрме Өзбекстанның мәдениет пен өнерді қолдау қорының бастамасымен ұйымдастырылды.

 Ұлты қазақ, бірақ Өзбекстанда туып өскен атақты суретші Орал Таңсықбаев есімі түркі әлеміне жақсы таныс. Қылқалам шебері классика, халықтық өнер, батыс еуропалық авангард үлгілерімен жұмыс істеп, әсем табиғатты шебер бейнелеген. Суретші қауым оның жұмыстарын атақты Матистің еңбектеріне ұқсатады. Тіпті екеуінің арасында бір тылсым байланыс бар деседі.

"Орал Тансықбаевпен алғаш танысқан сәтім әлі есімде. 3-курс студенті болып жүргенімде салған суретім ұстаздың көзіне түседі. Сосын ол мені шақырып, еңбегіңді сатасың ба?- деп сұрады. Қуанышым қойыныма сыймай бірден келістім. Ол өте қарапайым, сондай терең адам болатын. Ол өзін әр кез Өзбекстанның қазағымын деп таныстыратын. Еңбектері барша Орталық Азия үшін мол мұра болып қалды",- дейді Өзбекстанның халық суретшісі Джавлан Умарбеков.

Көрме қазан айына дейін жалғасады.


Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?