​Ташкентте 578 мың долларлық заңсыз криптосауда жасады деген 17 жастағы жасөспірім ұсталды

Өзбекстанның Ташкент қаласында 17 жастағы жасөспірім криптоактивтерды заңсыз айналымға енгізді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ташкент қалалық Ішкі істер бас басқармасының (ГУВД) баспасөз қызметі хабарлады.

NEGE/ Ташкент қалалық ІІБ бейнежазбасынан скрин

Астана, NEGE. Тергеу мәліметінше, ол жүргізген операциялардың жалпы көлемі 578 мың долларды, яғни шамамен 6,93 млрд сумды құраған.

Ташкент қалалық Ішкі істер бас басқармасының хабарлауынша, күдікті Юнусабад ауданында қолға түскен.

Тергеу барысында жасөспірім арнайы жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып, криптоактивтерді заңсыз сатып алу және сатумен айналысқанын мойындаған.

Күдіктінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту кезінде ноутбук, ұялы телефон, екі банк картасы және моноблок тәркіленді. Олар қылмыстық іс бойынша заттай дәлел ретінде тіркелген.

Аталған факті бойынша Өзбекстан Қылмыстық кодексінің «Криптоактивтер айналымы саласындағы заңнаманы бұзу» деп аталатын 278-8-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.