Ташкент метросы опырылып, бес адам мерт болды

Ташкентте метро желісінің салынып жатқан бөлігінде топырақ опырылып, бес адам мерт болды, деп хабарлады ҚазТАГ Өзбек телеграф агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. «18 желтоқсанда шамамен таңғы 10.00-де Ташкент қаласындағы метрополитеннің Юнусабад желісінің салынып жатқан бөлігінде тоқтаусыз жауған жауын-шашын салдарынан 250 текше м. шамасындағы топырақ опырылған. Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ташкент қ. әкімдігінің және мердігер құрылыс мекемелерінің күшімен жағдайдың салдарының алдын алу шаралары қабылданды. Келтірілген залал мен зардап шеккендер туралы ақпар нақтыланып жатыр. Сонымен қатар жағдайдың себебін анықтау шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) баспасөз қызметінен.

Кейін ведомствода нақтыланғандай, іздестіру-құтқару шаралары барысында бес адамның мүрдесі табылып, олардың кім екендері анықталған.

Қазір оқып жатыр

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды